Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Елімізде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026 жылы 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жөндеуден өткізіледі. Бұл шаралар өңірлерді жылу және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге негіз қаламақ, деп жазады Egemen.kz
Фото: pinterest.com
Энергетика министрлігі мәлім еткендей, жоспарлы әрі кешенді жөндеу жұмыстары энергия нысандарының техникалық әлеуетін арттырып, апат қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жылу электр орталықтарының тозу деңгейі 61 пайыздан 59 пайызға дейін төмендейді. Сонымен бірге стансаларды жоғары қауіп аймағынан кезең-кезеңімен шығару көзделген.
Айта кетейік, энергетика саласын жаңғыртуға арналған Ұлттық жоба екінші жыл қатарынан іске асып жатыр. Бес жылға жоспарланған бұл бағдарлама инженерлік инфрақұрылымды кең ауқымда жаңартуды мақсат етеді. Жоба аясында ел бойынша 1,6 мың шақырым жылу желісі және 78 мың шақырым электр желісі қайта жаңғыртылады.
Министрлік дерегіне сүйенсек, аталған жұмыстар 2029 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 52 пайыздан 42 пайызға, ал электр желілерінің ескіруін 74 пайыздан 45 пайызға дейін азайтуға жол ашады. Бұл көрсеткіштер энергетикалық жүйенің сенімділігін едәуір күшейтпек.
Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған
Жалпы қолға алынған жаңғырту шаралары экономиканың және халықтың өсіп келе жатқан сұранысын үздіксіз қамтамасыз ете алатын орнықты отын-энергетика кешенін қалыптастыруға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
Сулумов жекпе-жекке шығудан бас тартты: АСА лигасы «Спартакқа» жаңа қарсылас іздеп жатыр
Спорт • Бүгін, 10:38
Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 10:27
Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі
Президент • Бүгін, 10:20
Сарапшылар: 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9% болады
Экономика • Бүгін, 10:10
Әскери топограф күні: Цифрлы ұрыс алаңы қалай жасақталады?
Әскер • Бүгін, 10:05
Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 09:58
Елде қанша кәсіпорын тауар өндірумен айналысады?
Экономика • Бүгін, 09:43
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:35
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Ауа райы • Бүгін, 09:12
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Саясат • Бүгін, 09:05
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 09:02
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Саясат • Бүгін, 09:00
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
Саясат • Бүгін, 08:55
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:53