Биыл Түркістан облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады

13.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыc» су қоймаларының құрылысы аяқталуға жақын. «Бәйдібек ата» су қоймасы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында, Балабөген мен Үлкен Бөген өзендері тоғысатын жерде, 860 гектар аумақта салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Нысан вегетацияаралық кезеңде суды жинап, ал вегетация кезеңінде қосымша су көлемін Бөген су қоймасына тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба бойынша жұмыстардың 80%-ы орындалды.

«Бәйдібек ата» су қоймасынан Бөген су қоймасына су жіберуді реттеу үшін «Сарқырама» каналы салынып жатыр. Ұзындығы 21,7 км болатын бұл нысан секундына 12 текше метр су өткізе алады, сондай-ақ 2,5 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді.

Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді

Көлемі 1,2 млн текше метр болатын «Қарақуыc» су қоймасы Түркістан облысының Төлеби ауданында салынып жатыр. Бұл нысан 500 гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі

Екі су қоймасындағы құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.

«Жаңа су қоймалары тасқын және еріген қар суын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе климаттың өзгеруі жағдайында өте маңызды. Қосымша суармалы жерлерді игеруге мүмкіндік пайда болады, сондай-ақ Бөген су қоймасындағы су деңгейін қауіпсіз реттеуге жағдай жасалады. Гидрологиялық есептеулер бойынша, Бөген өзені арқылы жыл сайын орта есеппен 165 млн текше метр су келеді. Сондықтан бұл суды жинап, жергілікті тұрғындардың қажетіне бағыттау маңызды», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Соңғы жаңалықтар

Биыл Түркістан облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады

Аймақтар • Бүгін, 15:35

Ерлан Қарин: Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы

Ата заң • Бүгін, 15:17

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Мереке • Бүгін, 15:15

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

Аймақтар • Бүгін, 14:53

Қазақстанның пошта жүйесі ең үздік 40 елдің қатарына кірді

Қазақстан • Бүгін, 14:44

Алматыда Болат Мұхамедиев шығармашылығына арналған көрме ашылды

Өнер • Бүгін, 14:33

Атырауда есірткі тұтынған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды

Аймақтар • Бүгін, 14:21

Бірлескен жұмыс – нақты нәтижеге қол жеткізеді

Саясат • Бүгін, 14:10

Түркияда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:03

Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

Қылмыс • Бүгін, 13:56

Ақтөбеде қоқыс алаңдарының бірінен ер адамның мәйіті табылды

Қылмыс • Бүгін, 13:46

Бинұр Жәленов Ұлттық банк Төрағасының орынбасары болды

Тағайындау • Бүгін, 13:31

Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

Президент • Бүгін, 13:24

Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады

Саясат • Бүгін, 13:12

Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?

Шаруашылық • Бүгін, 12:58

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью