Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдағы Жолдауында Ұлттық қор табысының 50%-ы балаларға аударылатынын айтқан болатын. Араға 1 жарым жыл салып, Ұлттық қордан алғашқы үлес 18 жасқа дейінгі балалар шотына 2024 ақпан айында 100 доллар 52 цент көлемінде түсті. 2025 жылы балалардың шотына 129 доллар аударылса, былтырғы қор табысының нәтижесінде балаларға 130 доллар көлемінде қаржы түседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: іnbusiness
2025 жылы Ұлттық қорға қанша табыс түсті?«Қаулымызға сәйкес, бұл деректерді 1 ақпанда ресми жариялаймыз. Бұл дүниеге сәбилердің келуіне, кейбір балалардың елден кетіп, азаматтықтан шығуына байланысты есептеледі. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен аталған қаражаттың кімге аударылатындығы қаралады. Алдын ала деректерге қарағанда, сома өткен жылдағымен пара бар, әр балаға 130 доллардан тиесілі болады», деді Тимур Сүлейменов.
2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, қордың жиынтық активтері 77,77 млрд долларды құраған.
Өткен 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс рекордтық деңгейге көтеріліп, 6,4 трлн теңгені (шамамен 12,6 млрд доллар) құрады. Дәл осы табыс көрсеткіші активтердің өсуіне негізгі қозғаушы күш болды.
Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың басында Ұлттық қордың жалпы активтері 29,85 трлн теңгені құраған. Есепті кезеңде қор қоржыны 3,84 трлн теңгемен толығып, одан 5,95 трлн теңге жұмсалған. Осылайша, қордан алынған қаражат көлемі түсімнен 2,1 трлн теңгеге артық болып отыр.
Ұлттық қор табысы мұнай секторы, салық түсімі, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен экспортқа салынатын рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемдері есебінен көбейген.
Азаматтар Ұлттық қордан түскен қаражатын қалай жұмсап жатыр?«Бәйтерек» Ұлттық қорға 23,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қолға алынған екі жыл ішінде азаматтар 28 млн доллардан астам қаражатты пайдаланған.
Бұл ретте ата-аналар мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті негізінен баспана мәселесін шешу мен балаларының білім алуына бағыттаған.
Игерілген қаржының басым бөлігі, атап айтқанда, 18 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал қалған 10 млн доллар білім ақысын төлеуге жұмсалған.
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше