Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

11.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бұл туралы бүгін, 11 ақпанда елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Сондай-ақ мүфтият Рамазан айының 2026 жылы 19 ақпанда басталатынын ресми түрде жариялады. Ал ҚМДБ мәліметінше, биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекітілді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің шешімі мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, ортақ шешім қабылдадық. Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – Ораза айт мерекесі», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью