Біз 32 жыл бойы күткен алтын медаль : мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи жеңіске қол жеткізді

14.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан–Кортина–2026 Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрған еді. Ал еркін бағдарламада отандасымыз төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша, 291,58 ұпаймен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ол бұл сында бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады. Күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма иеленді – 280,06 ұпай. Ал қола медаль тағы бір жапониялық спортшы Шун Сатоға бұйырды – 274,90 ұпай.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью