Біз бәріне дайынбыз: Македония құрамасының бапкері Қазақстанмен болатын ойынға қатысты пікірін білдірді

13.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Солтүстік Македония құрамасының бапкері Благоя Милевски Қазақстанмен болатын матч алдында аталған ойынға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Аikyn.kz

Бапкер пікірін Солтүстік Македония футбол федерациясының сайты жариялады.Ол өз құрамасы 13 қазанда Скопьеде қонақтарды қабылдайтынын атап өтті.

"Әр матч маңызды, бірақ келесі матч әрқашан одан да маңызды. Қазақстан, әсіресе Астанада өздерінің үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті. Олар жаттықтырушысын ауыстырды, бұл - тағы бір тәуекел, бірақ біз бәріне дайынбыз", - деді Милевски.

Айта кетсек, "Астана Аренада" футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын қабылдап, 4-0 есебімен шетелдіктерді ойсырата ұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью