Біз бастаған істі аяқтауымыз керек : Нетаньяху Иранға жаңа соққылар жасалуы мүмкін екенін айтты

20.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен видеосын жариялады. Әңгіме барысында екі ел көшбасшысы бір-біріне мақтау айтып, Иранға қарсы қайтадан бірлесе соққы жасауы мүмкін екенін аңғартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz CBS News сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Америка көшбасшысы Нетаньяхудың сенімді жеңіске жететініне сенім білдірді.

"Биби, мен қасымнан көргім келетін адам – Сізсіз", - деді Трамп Нетаньяхуды лақап атымен атап.

Өз кезегінде премьер-министр ақпан соңында Иранға қарсы бағытталған әскери операцияға АҚШ-тың қатысқаны үшін Трампқа алғыс айтты.

"Дональд, біз басталған істі аяқтауымыз керек, - деді Нетаньяху жымиып. - Біз мұны бірге аяқтаймыз. Бұл істі соңына дейін жеткіземіз және мұны бізден басқа ешкім істей алмайды".

Премьер егжей-тегжейлі мәлімет бермесе де, Иранды тағы да "ең үлкен қауіп" деп атады.

Телеарна мәліметінше, Нетаньяху бұл жазбаны Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде оның премьер-министрлік қызметке қайта сайлануын қолдағаннан кейін келесі күні жариялаған.

Еске сала кетейік, Израильдегі парламенттік сайлау 27 қазанға белгіленген. Бұл 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан, одан кейінгі Газа секторындағы соғыс қимылдары мен өңірдегі шиеленістен кейінгі алғашқы жалпыұлттық сайлау болмақ. Бұған дейінгі парламенттік сайлау 2022 жылдың қарашасында өткен болатын.

Тағы оқыңыз: Трамп Путинмен келіссөздер туралы айтып, Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігін жоққа шығармады

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью