Біз өте маңызды кезеңде келдік . Тоқаев Польша сенатының маршалын қабылдады

19.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының маршалы Малгожата Кидава-Блоньсканы қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының маршалы Малгожата Кидава-Блоньсканы қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жұма, 19 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.

"Әлемдегі экономикасы ірі елдердің жиырмалығына енетін Польшамен ықпалдастықты ілгерілетуге ерекше мән береміз. Мемлекеттеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бері шынайы достық байланыстар қалыптасты. Парламентаралық диалог жоспарлы әрі табысты түрде дамып келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды. Президент көрнекті поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Польша Президенті Кароль Навроцкийге және Премьер-министр Дональд Тускке ыстық ықыласын жолдады.

Малгожата Кидава-Блоньска қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

"Сізбен кездесуді үлкен мәртебе санаймын. Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымның мәні ерекше. Біз еліңізге поляк халқы үшін елеулі кезеңде келіп отырмыз. Яғни отандастарымыздың осы жерге күштеп жер аударылғанына 90 жыл толды. Оларға қазақ халқы сүйеу болып, қилы заманда қол ұшын созды. Бізді ортақ тарих қана емес, келешектегі мол мүмкіндіктер де біріктіреді", – деді Сенат маршалы.

Сонымен қатар ол Польша үшін аймақтағы жетекші елдердің бірі саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту аса маңызды екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Черногория президенттері Астанада Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью