Біз толықтай цифрлық мемлекет құрып жатырмыз Қазақстан Президенті

29.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазір бүкіл әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Озық технологиялар барлық салаға еніп, адамдардың тұрмыс-тіршілігіне ықпалын тигізуде. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада өткен "Болашақ ойындарының" ашылуында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстанда осы аса маңызды саланың дамуына қуатты серпін берген тиісті заңнамалық база жасалғанын еске салды.

"Жаңа дәуірдің талаптарына сай болу үшін біз толық цифрланған мемлекет құруға кірістік. Қазақстан Парламенті Цифрлық кодекс және Жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылдады. Бұл заңдар осы аса маңызды саланың дамуына үлкен серпін берді. Басқаша айтсақ, бұл қадам еліміздің озық мемлекеттер қатарына қосылуының айқын дәлелі болды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент 1 шілдеде елімізде жасанды интеллектінің серпінді дамуына ықпал ететін және цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдік беретін жаңа Конституция күшіне енгенін атап өтті.

" Бұл халқымыз үшін тарихи оқиға болды деп айтсақ, артық емес. Бас құжатта еліміздегі жасанды интеллектінің жоғары қарқынмен дамуына және азаматтардың цифрлық әлемдегі құқығын қорғауға нақты кепілдік берілді. Бұл – шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған, яғни өркениетке қарай жасалған озық қадам", - деді Мемлекет басшысы.

"Болашақ ойындары" (Games of the Future) – бұл цифрлық және физикалық белсенділік ұштасатын халықаралық турнир. Алдымен спортшылар цифрлық форматта, мысалы, приставкада, компьютерде немесе мобильді құрылғыда бақ сынайды, содан кейін физикалық форматта, мәселен, футбол алаңына шығып, күресті жалғастырады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью