Бізге әзірше соттарға талап қою арыздары түскен жоқ Бас прокуратура өкілі

23.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Бас прокуратура қазіргі уақытта дауыс беру құқықтық алаң шеңберінде өтіп жатқанын хабарлады.

Дауыс беру күніндегі ахуал туралы ОКҚ алаңындағы брифинг барысында Бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейсов айтты.

"Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жариялауға болмайды. Мұндай сауалдарды дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге де тыйым салынады", - деді спикер азаматтарды заңды сақтауға шақыра отырып.

Бас прокуратура өкілі дауыс беруді өткізу мәселелеріне қатысты өтініштерді соттар мен прокуратура органдары бүгін шұғыл қарайтынын айтты.

"Осы сағатқа прокуратура органдарына жаңа өтініштер және соттарға талап қою арыздары түскен жоқ. Жалпы, қазіргі уақытта дауыс беру құқықтық алаң шеңберінде өтіп жатыр", - деді Жанпейсов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью