“Бізге оның көмегі қажет емес“: Трамп Зеленскийге қатысты сын айтты

15.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді сынға алып, онымен келісімге келу Ресей президенті Владимир Путинмен келісуден де қиын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді сынға алып, онымен келісімге келу Ресей президенті Владимир Путинмен келісуден де қиын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақ үй басшысы NBC News телеарнасына берген телефон арқылы сұхбатында айтты.

"Зеленскийдің келісім жасағысы келмейтініне таңғаламын. Зеленскийге жеткізіңдер, ол келісімге келуі керек, өйткені Путин келісімге дайын. Зеленскиймен келісім жасау әлдеқайда қиын", - деді ол.

Телеарна бұған дейін Украина президенті Таяу Шығыстағы Иран дрондарын ұстап қалу үшін украин әскерінің ресейлік ұшқышсыз аппараттарға қарсы күресте жинаған тәжірибесін пайдаланып, АҚШ пен оның одақтастарына көмек ұсынғанын еске салды.

Ал Трамптың айтуынша, Вашингтонға "мұндай көмек қажет емес".

АҚШ президенті Киевтің дрондарға тосқауыл қою технологиялары бойынша көмек ұсыну ұсынысын Вашингтон қабылдап-қабылдамағаны туралы пікір бермеді.

Сондай-ақ, Ақ үй басшысынан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Мәскеу Тегеранға Таяу Шығыстағы америкалық күштердің орналасқан жері туралы барлау деректерін беріп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір сұралды.

"Ресей ақпарат беріп жатқан да болуы мүмкін, бермей де отырған шығар", - деп жауап берді ол.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ та "осындай әрекеттер жасайтынын" айтып, Украинаның белгілі бір көлемде ақпарат алып отырғанын және екі ел арасында бейбітшілік орнатуға күш салынып жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью