Бизнес тренингтен түскен қаржыдан пайда таппақ болған ақтөбеліктер алданып қалды

07.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қылмыстық іс № 2 Ақтөбе қалалық сотында қаралды. Барлығы 14 жәбірленуші кәсіпкер Жұлдыз Қапановаға алданғанын айтып, шағым түсірді. Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, Жұлдыз Қапанов «Zhuldyz Business Intelligence Community», «Connect and grow» бизнес қауымдастықтарын құрады. Қауымдастық кәсіпкерлерді қолдауға, біліктілігін арттыруға, байланыс орнатуға арналған орта екенін айтып, көпті сендіреді. Алайда оның өзінің бұл салада тәжірибесі болмады, лицензиясы да жоқ. Instagram әлеуметтік желісі арқылы жарнама таратып, түрлі шара ұйымдастырады. Шараға қатысудың, спикер болудың өз ақысы бар. Келісімшарт жасау кезінде анасының атына жазылған жеке кәсіпкерліктің мөрі қойылады. Келісім болғанымен, қатысушылардың ақшасы қорғалмаған.

Сотталушы Жұлдыз Қапанова Ақтөбе қаласында Г.Бекетаевамен кездеседі. Кездесуде бизнес тренинг өткізетінін, билет ақшасы арқылы қаржыны көбейтуге мүмкіндік жасайтынын айтты. Мәселен 1 600 000 теңге салса, оны 2 000 000 теңге етіп көбейтеді. Жәбірленуші сеніп, 2022 жылы бар ақшасын салады. Келісім бойынша белгіленген уақытта 2 000 000 теңгені кері қайтарып, сеніміне кіреді. Кейін сол 2 000 000 теңгені тағы еселеуді ойлап, қайта береді. Әрі сотталушы сұраған 1 000 000 теңгенің орнына 800 000 теңге аударады. Барлығы 2 800 000 теңгесінен айырылды.

Сотталушы жымысқы ойларына анасының, құрбысының, інісінің банк карталарын да пайдаланған. Сот отырысында сотталушы Жұлдыз Қапанова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Жәбірленушілерді өзінің бизнес серіктестері деп санап, кәсіпте табыспен қатар құлдырау да болатынын айтты. Бизнес тренинг өткізгенімен, билеттердің бәрі сәтті өтпеген, салдарынан табыс түспеген. Бизнес тренинг 2022-2025 жылдары аралығында ұйымдастырылған.

Сот үкімімен Жұлдыз Қапанова Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. «Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес Жұлдыз Қапановаға түпкілікті 3 жыл 1 ай 10 күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкім шығарған кезде кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Сондықтан ол жазасын үш жылдан соң ғана өтейді.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырды. Сотталушы жәбірленушілердің 1 500 000 — 10 000 000 теңге аралығындағы қаржысын өтейді.

Айта кетейік, Ақтөбеде авиажөндеу зауытының экс-басшысы сотталды. Ол зауытқа келтірген материалдық шығынды өтеуі тиіс. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью