Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
14 тамыздағы электр қуатының жаппай өшуі жолаушылар пойыздарының қозғалысына да әсер етті. "ҚТЖ" өкілдері қысқа мерзімді кідірістер болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компания бұған электр энергиясының өшуі себеп болғанын түсіндірді.
"Электр қуатының өшуіне байланысты жолаушылар пойыздарының қысқа мерзімді кідірістері тіркелді", - деп хабарлады "ҚТЖ".
Қазір қозғалыс толық қалпына келтірілді. Барлық пойыз өз бағыты бойынша жүріп жатыр.
Алматы мен облыстағы жарық мәселесі"Қозғалыс кестесін тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жағдай бақылауда", – деп толықтырды компания. .
Еске сала кетейік, 14 тамызда сағат 15:00 шамасында Алматы мен облыс тұрғындары жарықтың өшкені туралы хабарлай бастады. Бұған KEGOC компаниясына тиесілі кернеуі 500 кВ әуе электр желілерінің апатты түрде ажырауы себеп болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан жалпы қуаттылығы 300 мегаватт болатын жүктеме ажыратылған.
Алматыда Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың бір бөлігі жарықсыз қалды. Блэкаут салдарынан кейбір бағдаршамдар мен метро жұмысы тоқтап, байланыс үзілді және кептеліс пайда болды. Қиылыстарда реттеушілер жұмыс істеді.
Электр энергиясымен байланысты мәселелер Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына да әсер етті. Сондай-ақ іркілістер туралы Орталық Азияның басқа елдерінде – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда хабарланды.
Алматының кейбір аудандарында электр қуаты қосыла бастады. Бұл туралы тұрғындардың өздері хабарлады. Энергетика министрлігі бұған дейін жақын уақытта Алматыда және Қазақстанның өзге де өңірлерінде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілетінін хабарлады.
Тағы оқыңыз: Алматы блэкауттан кейін қалпына келіп жатыр: қалада жарық беріле бастады
Алматыда метро тоқтап қалды: эвакуацияланған жолаушылардың видеосы жарияланды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу