Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Америкалық 22 жастағы блогер әлеуметтік желідегі жазылушыларымен бірге банкротқа ұшыраған Spirit Airlines әуе компаниясын сатып алу үшін ерекше науқан бастады. Небәрі бірнеше күннің ішінде ол 132 миллион доллар жинап үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Блогердің бұл бастамасы желіде лезде вирусқа айналды. Жобаның негізгі идеясы – банкрот болған Spirit Airlines компаниясын «халықтық» авиатасымалдаушыға айналдыру.
Автордың жоспары бойынша, авиакомпанияны сатып алуға қаржы қосқан әрбір қатысушы:
Маңызды шешімдер қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болады; Әуе билеттеріне арналған арнайы жеңілдіктерді пайдалана алады.Жобаға деген қызығушылықтың жоғары болғаны соншалық, краудфандинг платформасының сайты келушілердің көптігінен істен шыққан. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар жаңа өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты.
Желі қолданушылары бұл бастаманы «авиациядағы революция» деп бағалап жатқанымен, сарапшылар сақтық танытып отыр. Мамандардың айтуынша, авиакомпанияны сатып алу және оны басқару күрделі заңнамалық және қаржылық реттеуді талап етеді. Сондықтан бұл ерекше жобаның соңы немен аяқталары әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Spirit Airlines – АҚШ-тағы ең ірі лоукостерлердің бірі болған, алайда соңғы уақытта қаржылық қиындықтарға байланысты банкроттық туралы арыз берген болатын.
Бұған дейін Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып кеткенін жазған едік.
Соңғы жаңалықтар
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55