Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұған дейін халықаралық іздеуде болған блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады, деп жазады Tengri Life.

Қайсар Қамза неге экстрадицияланды?

Ведомство баспасөз қызметінің мәлліметінше, қазақстандық азамат Вьетнам аумағында ұсталғаннан кейін отанына жеткізілді.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен аталған елден Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Прокуратура биыл маусымда күдікті Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Вьетнам аумағында ұсталғанын нақтылады.

"Биылғы маусымда Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сауалы бойынша ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға экстрадицияланды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (@prokuratura.govkz)

Қайсар Қамза қандай күдікке ілінген?

Тергеу мәліметтері бойынша, 2025 жылдың қаңтарында Қайсар Қамза әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі көпшілік аудиториясын заңсыз интернет-казиноны жарнамалау үшін пайдаланған.

Тергеу органдарының мәліметінше, ол ақшалай сыйақы үшін онлайн-казино жарнамасын жариялап, Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға тартқан.

"Тергеп-тексеру органының нұсқасы бойынша 2025 жылғы қаңтарда ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан", - деп мәлімдеді ведомство.

Бас прокуратураның дерегінше, интернет-казиноны жарнамалағаны үшін блогердің криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ долларына жуық қаражат түскен.

"Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен", - делінген хабарламада.

Онлайн-казино ісі туралы не белгілі?

Бас прокуратура тергеудің Қазақстанда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметіне қатысты екенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдан 2025 жылға дейін топ мүшелері бірнеше заңсыз онлайн-казино жұмысын ұйымдастырған.

"Қылмыстық топтың қатысушылары 2021 жылдан бастап 2025 жылды қоса есептеген мерзімде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның қызметін ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сондай-ақ, ведомство бүгінде топтың тоғыз мүшесі қамауда екенін атап өтті. Қалған қатысушыларға, соның ішінде Қайсар Қамзаға бұған дейін іздеу жарияланған болатын.

Экстрадициядан кейін күдікті Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында күзетпен қамауға алынды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Ведомство тергеу жүріп жатқан бап бойынша мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Тергеу туралы не белгілі?

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланған болатын. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кейін Интерпол арналары арқылы Қазақстан мен Вьетнам құқық қорғау органдарының бірлескен операциясы нәтижесінде Вьетнамның Камрань қаласында қолға түскен.

Бұған дейін блогердің есімі мемлекеттік органдардың хабарламаларында бірнеше рет аталған. Атап айтқанда, Қаржылық мониторинг агенттігі Қамза әлеуметтік желідегі парақшасында онлайн-казино жарнамасын орналастырып, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқанын хабарлаған болатын.

Іздеу туралы ақпарат жарияланғаннан кейін блогердің өзі әлеуметтік желіде болып жатқан жағдайдың себебін түсінбейтінін мәлімдеген. Ол: "Мен кімнің жолын кестім? Тыныш өмір сүріп, бәрімен амандасып жүрген едім. Бүкіл ел болып іздейтіндей не қылмыс жасадым?" - деген болатын.

Қайсар Қамза деген кім?

Қайсар Қамза - қазақстандық инфлюенсер. Оның Instagram-дағы парақшасына 2,4 миллионға жуық адам жазылған. Ол өзінің арандатушылық мазмұндағы контентімен, сәнді өмірін көрсетуімен, сондай-ақ шетелде түсірілген видеоларымен кеңінен танымал болды.

Бұған дейін де блогер мемлекеттік органдардың назарына іліккен болатын. Ол жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін, соның ішінде заңсыз ұтыс ойындарын өткізгені және онлайн-казиноларды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір жағдайда айыппұл көлемі 1,17 миллион теңге болды. Соған қарамастан, реттеушілердің бағалауынша, оның аккаунтының стилі мен мазмұны айтарлықтай өзгермеген.

Қамзаның Үндістанға сапары кезінде түсірген видеосы қоғамда қосымша резонанс тудырды. Кадрларда блогер балағат сөздер айтып, жергілікті тұрғындарға агрессивті мінез танытқан. Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Үндістан билігінен құқықбұзушылықтар туралы ресми хабарламалар түспегенін, алайда шетелдегі мұндай мінез-құлық үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью