BMW өрт шығу қаупіне байланысты жүздеген мың автокөлікті кері қайтарып жатыр

11.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бавариялық өндірушінің мәліметінше, Германияның өзінде 28 582 автокөлік кері қайтарылуға жатады. Бұған дейін kfz-Betrieb салалық басылымы әлем бойынша 575 000 автокөлік кері қайтарылатынын хабарлағанымен, BMW компаниясы әзірге бұл санды ресми түрде растаған жоқ.

Компания тексеру барысында қозғалтқышты іске қосу кезінде қысқа тұйықталу болуы мүмкін екенін анықтаған.

– Ең нашар жағдайда бұл қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде автокөліктің өртенуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда қозғалыс кезінде немесе көліктен шыққанда түтін байқалуы не күйік иісі сезілуі ықтимал, – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Сондай-ақ жүргізушілерге қозғалтқышы қосулы тұрған көлікті қараусыз қалдырмау ұсынылды.

Ақау 2020 жылғы шілде мен 2022 жылғы шілде аралығында шығарылған, стартер релесі орнатылған BMW автокөліктеріне қатысты. Атап айтқанда, BMW 2 Series Coupe, 3, 4 және 5 серияларының бірқатар нұсқалары, 6 Series Gran Turismo, сондай-ақ BMW X4, X5, X6 және Z4 модельдері қамтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Nissan да 26 мыңнан астам көлігін кері қайтарып жатқаны хабарланған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью