Боао қаласында Қазақстан мен Қытай стратегиялық әріптестік мәселелерін қарастырды

25.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Р.Скляр ҚХР БХӨЖ ТК төрағасын «екі сессияның» табысты өтуімен және Қытайдың 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қабылдануымен құттықтады.

2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, оның Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар саласындағы нәтижелі ынтымақтастықты, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестіктің серпінді дамуын, инвестициялар, көлік және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды атап көрсетті.

Фото: Үкімет

Чжао Лэцзи қытай тарапы Қазақстанмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары сенімге негізделген қатынастарына ерекше мән беретінін баса айтты.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың елдің одан ары өркендеуіне бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.

Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» сияқты көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Бұған дейін Үкімет Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны бекіткенін жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью