Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Сабынды ауылы маңында орналасқан Шөптікөл бөгетінің бұзылу фактісі тіркелді. Соның салдарынан су алқаптар арқылы елді мекен бағытына қарай жайылып, «Астана — Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтті. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылданды. Жұмыстарға 14 бірлік арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылған. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамасыз етілді.
Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін облыстағы апаттың салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылғанын жаздық.