Боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатында финалдық кезеңге өтті

06.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта жарыс жолын 1/2 финалдан бастады. Ол бұл кезеңде Үндістан өкілі Пужа Ранимен кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Надежда Рябец 3:1 есебімен жеңісті суырып алды. Осылайша отандасымыз алтын медаль үшін жұдырықтастады.

Айта кетейік, 6 сәуірдегі кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) рингке шығады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью