Боксшы Төрехан Сабырхан киноға түсті

16.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан жанкүйерлеріне тың жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшының сөзінше, ол отандық фильмнің бір эпизодына түскен. Бұл туралы спортшы желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

«Жақында кино шығады. Сіздерді кинотеатрда күтемін» , – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан биыл қыркүйек айында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 70 келіде топ жарды. Аталған сында оның туған ағасы Махмұд Сабырхан да үздік атанды.

Ол былтыр Қарағандыда өткен ел чемпионатында жеңіске жеткен еді. Оның салмағында өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов өткен аптада аяқталған ІВА әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью