Боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданғаны екінші рет расталды | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы президенті Рахимжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін растағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Жуырда Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келіп түсті, және B сынамасы Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданғанын растады.
Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз қолына алды. Өйткені, ол — федерациямыздың лицензияланған боксшысы.
Сонымен қатар оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямызбен ұйымдастырылды.
Қазір басты мәселе — ол бұл затты әдейі қабылдады ма, жоқ па? Оның ағзасына қалай түсті?
Әзірге осы сұрақ ашық күйінде тұр», — деді Рахимжан Ерденбеков. Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью
Читать новость