Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кездесуде 2027 жылы Астанада өтетін бокстан әлем чемпионатына дайындық барысы талқыланды.
World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялады.
Бұл әлемдік біріншілік халықаралық жарыс күнтізбесіндегі маңызды оқиға болмақ, себебі турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді.