Бокстан АЧ 2026: Оразбек Асылқұлов та жартылай финалға шықты

04.04.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ширек финалда отандасымыз жапон боксшысы Шунсукэ Китамотомен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, ол жарақатына байланысты рингке шығудан бас тартқан. Осылайша, Асылқұлов Қазақстан қоржынына кемі қола жүлде салып отыр.

Айта кетсек, Ұлан-Батордағы Азия чемпионаты 30 наурызда басталып, 10 сәуірде өз мәресіне жетеді. Жарысқа барлығы 115 ер және 79 қыз боксшы қатысуда.

Бұған дейін өзбекстандық қарсыласын жеңген Махмұд Сабырхан жартылай финалға өткенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью