Бокстан АЧ 2026: өзбекстандық қарсыласын жеңген Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтті

03.04.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін күндізгі сессияда Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған еді.

Бұған дейін Тайпей өкілін жеңген Ертуған Зейнуллинов ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездесетінін жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью