Бокстан Әлем кубогы: 4 қазақстандық спортшы финалда ел намысын қорғайды

26.04.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 1/2 финалдың қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.

Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.

60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)

Бұған дейін Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болғанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью