Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты.
Сабыржан үш раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.