Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға төмендегі былғары қолғап шеберлері қатысатын болды. Олардың қатарында Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Жазира Орақбаева (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) бар.
Айта кетсек, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.
- Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірістік. Бұл - Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қорытынды дайындығымыз. Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария боксшылары қосылды. Оқу-жаттығу жиынын нәтижелі өткіземіз деген жоспар бар. Алда әйелдер құрамасын бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр. Атап айтқанда, алдағы уақытта Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынаймыз, - деді бас бапкер.
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты 28 наурыз-11 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Улан-Баторда өтеді.