Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Отандастарымыз құрлықтық додада 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде көш басына шықты.
2026 жылғы Азия чемпионатының медальдар кестесі
1. Қазақстан - 6-2-5
2. Үндістан - 5-3-8
3. Өзбекстан - 3-4-4
4. Қытай - 2-1-5
5. Жапония - 1-1-2
5. Кытайлық Тайбэй — 1-1-2
5. Таиланд - 1-1-2
6. Иордания - 1-1-1
7. Солтүстік Корея - 0-3-0
8. Моңғолия - 0-2-3
9. Тәжікстан - 0-1-2
10. Оңтүстік Корея - 0-0-1
10. Түрікменстан - 0-0-1
10. Филиппин - 0-0-1.
Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілсе, Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс, Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (70 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейін World Boxing аясындағы өткен турнирде 2026 жылғы Азия чемпионы атанған Оразбек Асылқұлов аталған турнир және оған дайындағы, финалдық айқас жайында пікір білдірген еді.