Болары болды . Данияр Елеусінов бостандыққа шықты video

28.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшы 28 шілдеде кешке қарай шықты. Оны әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жары мен достары күтіп алды.

"Оқиғаға қатысты айтар болсам... болары болды, өздеріңіз көрдіңіздер. Бұған қатты өкінемін", - деді Елеусінов Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап беріп.


Фото Tengrinews.kz: Нұрлан Алжабаев

Осыдан кейін Данияр Елеусінов өзін күтіп алғандармен көлікке қарай бет алып, жолаушылар орындығына жайғасты да, кетіп қалды.

Айта кетейік, спортшы 9 шілдеде мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себеп болғаны үшін ұсталған болатын. Астана қаласының әкімшілік соты Елеусіновті 20 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты салдарынан бірнеше көлік зақымдалған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser тізгінінде болған Елеусінов бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалаған. Дегенмен спортшы көп ұзамай ұсталды.

Кейін әлеуметтік желіде көліктің суреті пайда болды, ол Елеусіновке тиесілі делінеді. Суретке қарағанда, күңгірт түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігі соқтығысу салдарынан қатты зақымдалған: негізгі соққы көліктің сол жақ алдыңғы бөлігіне тиген. Көліктің бампері толығымен қирап, қанаты мен капоты қатты майысқан, фарасы зақымдалған, ал дөңгелек доғасының пластик қаптамалары жұлынып, салбырап тұр.

Данияр Елеусінов - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2010, 2014) және Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015). Кәсіпқой бокста ол жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2021–2024) және IBF Inter-Continental чемпионы (2020–2022) титулдарына ие болған.

Қаңтарда Данияр Елеусінов Tengri Sport-қа берген сұхбатында блогерлермен жекпе-жекке қатысты көзқарасы туралы айтып, мансабындағы ең ауыр кезеңді еске алды.

Тағы оқыңыз: Төбелес, допинг, қамау: қазақстандық спортшыларға қатысты даулы оқиғалар

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью