Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен V Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде "аз да болса амбициясы бар" елдердің болашағы цифрлық технологияларды жедел даму құралы ретінде пайдалана алуына байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен V Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде "аз да болса амбициясы бар" елдердің болашағы цифрлық технологияларды жедел даму құралы ретінде пайдалана алуына байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биылғы форум "Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру" тақырыбымен өтіп жатыр.
Жасанды интеллектінің дамуы туралы айта келе, Тоқаев оның экономика мен еңбек нарығына тигізетін ықпалына тоқталды.
"Бұл сөзсіз жаңа технологиялық қалыптың қалыптасуына әкеледі, бұл өз кезегінде экономиканың барлық секторларындағы жұмыспен қамту құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізеді", - деді Президент.
Ол Халықаралық валюта қорының болжамын мысалға келтірді.
"Мәселен, Халықаралық валюта қорының бағалауынша, алдағы жылдары жасанды интеллект технологияларының енгізілуіне қарай әлемдік еңбек нарығындағы жұмыс орындарының шамамен 40 пайызы қысқарады. Әрине, бұл планетаның әр түкпіріндегі жүздеген миллион адамның қайта даярлануын және жаңа дағдылар мен жаңа білім алуын талап етеді", - деді Мемлекет басшысы.
Президент білім беру саласына жеке тоқталды.
"Мемлекеттер алдында ұлттық білім беру жүйелерін ауқымы мен тереңдігі жағынан бұрын-соңды болмаған өзгерісту міндеті тұр", - деді Тоқаев.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы цифрлық трансформация жағдайындағы елдер үшін негізгі мәселені атап өтті.
"Негізгі мәселе цифрлық технологияларды жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік дамудың тиімді құралы ретінде пайдалана аламыз ба, жоқ па дегенге келіп тіреледі. Бұл мәселенің сәтті шешілуіне аз да болса амбициясы бар елдердің болашағы тікелей байланысты деп айту артық емес", - деп мәлімдеді Президент.
Бұл тұрғыда Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО аясындағы ұсынысын еске салды.
"Дәл сондықтан Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен жылы одақ аясындағы "төрт еркіндікті" қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті, ең алдымен оған мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасанды интеллект технологияларын іс жүзінде қолдануды ұсынды", - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан әрі Президент цифрлық шешімдерді енгізудегі Қазақстанның тәжірибесіне көшті.
"Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесі мен экономиканың нақты секторына ақылды платформаларды сәтті енгізіп келеді. Былтырғы халыққа жолдауымда мен Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойдым", - деп атап өтті Тоқаев.
Сондай-ақ ол биыл жарияланған басымдықты еске салды.
"Бұл жұмысқа жүйелі сипат беру үшін елімізде биылғы 2026 жыл Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жарияланды", - деді Президент.
Сөйлеген сөзінің келесі блогы цифрлық ортада азаматтарды қорғау мәселесіне арналды.
"Болашақтың шеңберін жасай отырып, біз цифрлық ортада азаматтардың қауіпсіздігіне басымдық береміз. Қазақстанның жаңа Конституциясында алғаш рет дербес деректерді қорғау құқығы бекітілді, мәліметтерді заңсыз жинауға, өңдеуге және пайдалануға, соның ішінде цифрлық құралдарды қолдану арқылы тыйым салу нақты жазылды".
Президент бұл норманың маңызын баса айтты.
"Біз мұны өте маңызды деп санаймыз және бұл, іс жүзінде, конституциялық міндетке айналды", - деді Тоқаев.
Содан кейін Мемлекет басшысы институционалдық шаралар туралы айтып берді.
"Институционалдық негізді нығайту және инновацияларды кешенді түрде енгізу үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің құрылуы да пайдалы шара болды. Бұл консультативтік органның құрамына жетекші шетелдік және отандық сарапшылар, бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді", - деп атап өтті ол.
Инфрақұрылым туралы айта келе, Президент суперкомпьютері тілге тиек етті.
"Қазақстанда біздің өңірде алғаш рет осы саладағы әлемдік көшбасшы NVIDIA компаниясының озық технологияларына негізделген екі суперкомпьютер іске қосылды", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол деректерді өңдеу орталықтары алқабын құру жобасы туралы айтты.
"Деректерді өңдеу орталықтары алқабын құру басым міндет болып жарияланды. Бұл ауқымды жоба жаһандық капитал мен әлемдік технологиялық алпауыттардың тартылыс нүктесіне айналып келеді", - деп мәлімдеді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлар даярлау мәселесіне тоқталды.
"Сонымен қатар адам капиталына қомақты қаражат салып жатырмыз. Alem.ai халықаралық орталығы базасында жаңа буынның екі халықаралық мектебі TUMO және Tomorrow School, сондай-ақ Telegram және Presight сияқты бірқатар әлемге танымал компаниялардың зертханалары ашылды", - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, ол мектеп біліміне жасанды интеллектіні енгізу шаралары туралы еске салды.
"Осыдан екі апта бұрын мен Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу шаралары туралы жарлыққа қол қойдым", - деді Тоқаев.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу