Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Бүгінгі таңда ғылыми кадрларды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім мен технология трансферін дамыту — стратегиялық маңызға ие бағыттар. Бұл ретте «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары ұлттық ғылыми әлеуетті күшейтіп, зияткерлік капиталды арттыруға қызмет етіп отыр, — делінген хабарламада.
Орталықтың дерегінше, «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында 13 мыңнан астам маман даярланып, оның ішінде 500-ден астамы «ғылыми қызметкер» санаты бойынша білімін аяқтаған.
— Түлектердің 61,5%-ы гуманитарлық, 31,7%-ы техникалық, 6,4%-ы медициналық және 0,4%-ы шығармашылық бағыттар бойынша білім алған. Сонымен қатар, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында 1300-ге жуық маман даярланып, олардың 55%-ы гуманитарлық, 39%-ы техникалық, 5%-ы медициналық және 1%-ы шығармашылық бағыттарға тиесілі, — деп хабарлады орталықтан.
Аталған көрсеткіштер елімізде ғылым саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын айқын көрсетеді. Бұл жетістіктер, ең алдымен, ғылыми қызметкерлердің табанды еңбегі мен үздіксіз ізденістерінің нәтижесі. Олардың ғылыми жаңалықтары мен жетістіктері елдің болашағын айқындап, оның тұрақты дамуына маңызды үлес қосады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде «Озық мемлекеттің қазығы — ғылым, ал қазынасы — ғалым» деген еді.