Болашақ чемпиондарға сенім: Қайрат футболшыларына ректор гранты берілді

02.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор грантын салтанатты түрде табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Арнайы өткен кездесуде грант иегерлеріне сертификаттар тапсырылып, жас спортшылардың болашағына зор сенім білдірілді. Академия басшылығы бұл бастаманың жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатпен үндес екенін атап өтті.

Сондай-ақ академия өкілдері спортта да, білімде де жоғары нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Айта кетейік, академия президенті Қайрат Закирьянов жоғары жетістікке жеткен жас спортшыларды жүйелі түрде қолдап келеді. Бұған дейін осындай ректор гранты «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға табысталған болатын.

Қазақ спорт және туризм академиясы – талай саңлақ спортшыларды тәрбиелеп шығарған іргелі білім ордасы. Бұл кездесу білім мен спортты қатар дамытудың, дарынды жастарды ынталандырудың және болашақ чемпиондарға сенім артудың жарқын үлгісі болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью