Болашақ халықаралық стипендиясы және Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды

28.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар  тағы 182 қазақстандыққа ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью