Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Болашақ офицерлердің практикалық дайындығы еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі гарнизондарда жүзеге асты.
Фото: Қорғаныс министрлігі«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонында курсанттар 5-ші механикаландырылған бригада мен жөндеу-қалпына келтіру әскери бөлімінің базасында тәжірибеден өтті. Олар тәжірибелі офицерлердің жетекшілігімен бөлімшелердегі қызметтің ұйымдастырылуымен, жауынгерлік дайындықтың ерекшеліктерімен, сондай-ақ техникалық және тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің жұмысымен жақынырақ танысты.
Фото: Қорғаныс министрлігіБолашақ офицерлердің әскери жоғары оқу орнын бітірген соң атқаратын алғашқы лауазымы — взвод командирі міндеттерін орындауға даярлауға ерекше назар аударылды. Тағылымдама барысында курсанттар сабақты жоспарлауға қатысып, жеке құрамды басқару мәселелері мен бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыру тәртібін жан-жақты зерделеді.
Техникалық қамтамасыз ету факультетінің курсанты Мадияр Молдахмет бұл тағылымдама болашақ офицерлерге әскердегі қызметті барынша жақыннан көруге мүмкіндік бергенін айтады.
Фото: Қорғаныс министрлігіФото: Қорғаныс министрлігі— Мен үшін әскери тағылымдама өте пайдалы болды. Взвод командирі болудың жауапкершілігін түсіндім. Бұл тек теория ғана емес, сонымен қатар күнделікті тәжірибе. Біз бөлімшеде қызметтің қалай ұйымдастырылатынын, жеке құраммен жұмыстың қалай жүргізілетінін және жас офицердің қандай міндеттерді атқаратынын көрдік, — деді курсант.
Алдағы айларда институт түлектері алғашқы офицерлік әскери атақтарын алып, Қазақстан Қарулы күштерінің офицерлік құрамын толықтырады. Әскердегі тағылымдама барысында жинақталған тәжірибе олардың алдағы әскери қызметінің берік негізіне айналмақ.
Айта кетелік Ұлттық қорғаныс университетінде халықаралық гуманитарлық құқық бойынша жаңа пән енгізілетіні туралы жазған едік.