Болашақ ойындары 2026 : Астанаға халықаралық делегациялар келе бастады

29.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) халықаралық турнирі қарсаңында Астанаға алғашқы шетелдік ресми делегациялар келіп жатыр.

Елорданың халықаралық әуежайында Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Тәжікстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті Дилшод Назаровты, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және Әзербайжанның Жастар және спорт министрі Фарид Ғаибов бастаған делегацияларды қарсы алды.

4,65 млн доллар жүлде қоры: Астанада «Болашақ ойындары» басталады

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Болашақ ойындары – 2026» спорт пен цифрлық технологияны ұштастыратын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен достықты нығайтуды көздейтін ірі халықаралық дода болмақ.

Еске салайық, Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью