Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Шараға келген көрермендер өз әсерлерімен бөлісіп, турнирдің ашылу салтанатына жоғары баға берді. Олар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама мыңдаған көрерменге ерекше әсер сыйлап, ортаны мерекелік көңіл күйге толтырды.
– Астанада ауқымды шара өтетіні жайлы әкемнен естіп, әлеуметтік желі арқылы толық мағлұмат іздестіріп, келдім. Негізі елордадағы әрбір өтетін мерекелік шараларды жібермеймін. Соның ішінде бүгінгі «Болашақ ойындарының» ашылу салтанаты керемет өтті. Бұл – менің өмірімдегі ерекше кештің бірі. Еліміздің Мемлекет басшысын ғана емес, өзге елдің де президенттері қатысты. Шетелдік қонақтар да көп болды.
Қызығы, әртүрлі волейбол, футбол, баскетбол деген спорттық ойындар жасанды интеллекті арқылы ойнауға болатынын білдік. Жасанды интеллектінің арқасында сахнадағы әрбір қойылым, спецэффектілер үйлесімін тауып, өзімді тәнтті етті.
Сонымен қатар еліміздегі танымал Yenlik, Alpha, Nazar, Ademi, Ninety One және Ирина Кайратовна» шоу тобының өнерін тамашаладық. Тіпті, жас өнерпаздардың өнері тамсандыртты, – дейді астаналық тұрғын Саяжан Ибраева.
14 жастағы Санжарға бүгінге кеш жасанды интеллектіге, оның спортпен үйлескені ұнады.
– Бүгінгі кеш маған қатты ұнады. Осындай кеш тағы да болады деп күтемін. Осы апта бойы өтетін жарыстарды жібермеймін. Негізі компьютерлік ойынға қызықпаймын емес, қызығамын. Бірақ көп ойнамаймын. Соның ойын барысын сыртынан бақыламақпын, – деді ол.
Нармина Китанованың айтуынша, бүгінгі кеште қонақ өте көп болған.
– «Барыс Арена» бүгін адам қарасынан көрінбеді. Бәрі көңілді, түрлерінен жаңашылдықтың лебі, әсерлі екені байқалды. Бұрын компьютерлк ойын анйтынмын. Стулент аталғалы оған бас бұруға шама жоқ. Дегенмен, балалықта ойнаған ойынның спорттың бір түріне айналады деп кім ойлаған. Бүгінгі кеш жоғары деңгейде өтті. Осындай кештер көп болса екен, – дейді Нармина Китанова.
Концерттік бағдарламасымен мыңдаған көрерменді тамсандырды Өз тарапынан көрермендер көңіл күймен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді
Айта кетейік, Қазақстан – бұл жарысты қабылдап отырған әлемдегі үшінші мемлекет. Турнир алғаш рет 2024 жылы Ресейде бастау алса, былтыр Абу-Дабиде жалғасқан болатын.
29 шілде мен 9 тамыз аралығында 34 елден 800-ден астам спортшы қатысатын жарыс елордадағы көпфункционалды «Барыс Арена» мұз сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. 12 күн бойы қатысушылар фиджитал-футбол, баскетбол, хоккей, жекпе-жек, бокс, би бағыттары, шутерлер, Battle Royale, MOBA, дрон жарысы, Battle Bots және жаңа форматтағы өзге де 8 спорт түрінен бақ сынайды. Қазақстан атынан 11 команда ел намысын қорғайды. Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 4,5 млн АҚШ долларынан асады.