Болашақ ойындары 2026 : Көрермен саны 500 млн ға жуық адамға жетуі мүмкін

03.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Жарыстың алғашқы төрт күнінің өзінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралымға жетті. Қазіргі қарқын сақталса, турнир аяқталғанға дейінгі жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін. Мұндай нәтиже халықалалық медиасеріктестер желісінің айтарлықтай кеңеюі ықпал етіп отыр. Турнир Қытай, ТМД, Оңтүстік Америка, Үндістан мен әлемнің өзге де елдеріндегі жетекші телевизиялық және цифрлық платформалар арқылы таратылып жатыр. Негізгі серіктестер қатарында HUYA, BIGG TV, Play TV, XP Esports, VK, bilibili, Rutube мен Douyu платформалары бар», деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, көрермен аудиториясының көбеюіне цифрлық платформалар да айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бұған дейін болған турнирде барлық қаралымның шамамен 82 пайызы стримингтік сервистерге тисілі болса, биыл бұл көрсеткіштің одан әрі өсіп келе жатқаны байқалады. Турнирдің ең жоғары көрермен көрсеткіші алдағы финалдық жарыстар кезінде болады. 5 тамызда Dota 2 турнирінің финалы болса, 8-9 тамызда Counter-Strike 2, Mobile Legends: Bang Bang пен фиджитал-футбол жарыстарының жеңімпаздары анықталады. Сарапшылар дәл осы бәсекелер жалпы аудитория өсімнің негізгі драйверіне айналады деп болжап отыр.

Қазақстанның DIGA командасы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде PUBG матчында сенсациялық жеңіске жетті

Турнирінің Астанада ұйымдастырылуы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі спорттық әрі технологиилық іс-шараларды тиісті деңгейде өткізе алатын ел екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
Миллиондаған шетелдік көрерменді қамтыған трансляциялар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәртебесін арттырып, еліміздің әлемдік фиджитал индустриялық позициясын нығайтуға ықпал етіп жатыр.

«Болашақ ойындары»: бәсеке қыза түсті

Еске сала кетсек, «Болашақ ойындары» – дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды ұштастыратын халықаралық мультиспорттық турнир. Биылғы жарыс 29 шілдеде басталды. Ол 9 тамызға дейін болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью