Болашақ ойындары 2026 : Саңлақтарға артылар сенім зор

22.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Болашақ ойындары – 2026» сайысын өткізу құқығын 2024 жылы иеленген еліміз әзірлікті сол кезден-ақ бастады. Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қол­дауымен «Қазспортинвест» АҚ ұйымдастыратын халықаралық мультиспорттық турнирдің маңызы жоғары. Бұл аламан ел спортының әлемдік қауымдастық алдындағы беделінің нығайып келе жатқанын тағы да әйгілемек. «Болашақ ойындары» (GOTF) құқық иеленушісі – Phygital International ұйымы.

29 шілдеде басталатын дүбірлі дода 9 тамызға дейін жалғасады. Астана қаласы бірегей клубтық жарыс форматын қабылдайды, онда әлемнің үздік киберспортшылары алдымен виртуалды ареналарда, содан кейін нақты паркетте, татамиде және футбол алаңында бақ сынап, жүлде жолында тартысқа түседі. Елорданың негізгі спорт нысандарында фиджитал және киберспорт сайыстарын өткізу арнайы жүйемен жүзеге асырылмақ. Халықаралық мультиспорттық турнир клубтық форматта өтеді, оның құрамында әртүрлі ұлт өкілдері және кез келген елдің азаматтары болуы мүмкін.

Турнирде ел үмітін нақты кімдер арқалайды? Дүбірлі додада 8 са­йыс түрінен 11 команда мүшелеріне сенім артылмақ. Тек жекелей сайыс түрі Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources тартысында ел намысын Гүлназ Аманғали қорғайды. Ал Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna сайысында ACF x Allur пен UEL Team командасына үміт артамыз. Phygital Basketball Presented by Halyk Fund бәсекесінде PBC Astana мен GTB KZ командасы жүлдеге таласады. Сондай-ақ Phygital Fighting Presented by Kazzinc сайысында Future Nomads командасының мүшелері бақ сынайды. MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM жарысына Rune Eaters командасы қатысса, MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit бәсекесінде Rune Eaters командасына сенім артамыз. Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank сайысында DIGA Esports командасы, ал Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO тартысында NOVAQ және Team KZ командалары шеберліктерін сынайды. Ел сенім артқан киберспортшылар мен атлеттерді іріктеу бағытында ресми турнир ұйымдастырылып, үздік атанған саңлақтар ғана команда сапына қабылданды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью