Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Астанадағы "Болашақ ойындары" аясында фиджитал-дэнсинг жарыстары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жарыс жолына 15 елдің өкілі шықты. Олардың ішінде қазақстандық Гүлнәз Аманғали да бар. Қатысушылар Just Dance ойыны негізінде экрандағы биді қайталап шығуы қажет. Ал компьютер әрбір бишінің қимылына баға береді. Аманғали өз қарсыласына 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ жарыс жолын жалғастыра береді.
"Бұл жерде бір көбірек ұпай жинаған адам ұтады. Бірінші биде жақсы көретін картам болды. Екіншісінде сәл жетпей қалды. Ал үшіншісінде жақсы билеген сияқты болдым. Бірақ ұпайлар басқаша шықты. Оның бәрін техника санайды ғой", - дейді ол.
Оның айтуынша, жарысқа фиджитал-дэнсингте тәжірибелі бишілер қатысып жатыр. Ал Гүлнәз өз дайындығын бір ай бұрын ғана бастаған.
Айта кетері, бүгін іріктеу кезеңі өтеді. Ал ертең жеңімпаз атанады. Жарыстың сыйақы қоры - 75 мың доллар.