Более 60 домов снесут в Мангистау по программе реновации список адресов

02.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Маңғыстау облысында 134 көпқабатты тұрғын үй реновация бағдарламасына енгізілді. Оның 61-і апатты, ал тағы 73-і тозығы жеткен тұрғын үй ретінде танылған. Қай үйлер сүрілетіні туралы Tengri Home материалында айтылды.

Поделиться

Маңғыстау облысында бүгінде 1 938 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 61-і (1 140 пәтер) апатты деп танылған. Бұл туралы Tengri Home басылымының сауалына жауап берген Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді.

Өңірдегі апатты үйлердің саны:

Елді мекен
Апатты үйлер саны Пәтер саны Жаңаөзен 25 341 Мұнайлы ауданы 1 30 Маңғыстау ауданы 3 32 Қарақия ауданы 15 337 Бейнеу ауданы 17 400 Барлығы 61 1 140

Бұл тізімде Ақтау қаласы жоқ. Себебі мұнда 2025 жылы сүрілуі тиіс болған 10 апатты үйдің бесеуі ғана бұзылған.

Басқарманың мәліметінше, 3-шағынаудандағы №34, 35, 36, 37 және 38 үйлер сүрілген. Ал №41, 44, 45, 46 және 70 үйлердің бұзылуы тұрғындардың келісімін алу жұмыстарына байланысты 2027 жылға шегерілген.

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған сурет

Қазір өңірде апатты үйлердің тұрғындарын көшіру кезегі жасақталып жатыр. Бүгінгі күні кезекке 131 адам тіркелген.

Реновация мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылмақ. Жаңаөзен мен Бейнеу ауданында бұл жұмыстарды "СКА-Строй Монтаж" ЖШС атқаруы жоспарланса, Қарақия ауданында "Монако-2023" ЖШС-мен келісім жасау көзделіп отыр.

Жаңаөзенде 342 пәтерден тұратын 25 үй сүріледі. Оның тоғызы - Вокзал шағынауданында, 14-і - Шаңырақ шағынауданында, екеуі - Шұғыла шағынауданында:

Вокзал шағынауданы, 1. Вокзал шағынауданы, 2. Вокзал шағынауданы, 3. Вокзал шағынауданы, 4. Вокзал шағынауданы, 5. Вокзал шағынауданы, 6. Вокзал шағынауданы, 7. Вокзал шағынауданы, 8. Вокзал шағынауданы, 9. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 35. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 37. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 39. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 41. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 43. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 47. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 49. Шаңырақ шағынауданы, Абай көшесі, 55. Шаңырақ шағынауданы, Достық көшесі, 6. Шаңырақ шағынауданы, Достық көшесі, 33. Шаңырақ шағынауданы, Оразақов көшесі, 33. Шаңырақ шағынауданы, Мұнайшылар көшесі, 13. Шаңырақ шағынауданы, Мұнайшылар көшесі, 12. Шаңырақ шағынауданы, Мұнайшылар көшесі, 11. Шұғыла шағынауданы, 21. Шұғыла шағынауданы, 23Б.

2025 жылы екі үй, яғни Вокзал шағынауданындағы №6 және №7 үйлер бюджет есебінен сүрілді. 416 миллион теңгеге 27 пәтер сатып алынды.

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған сурет

Бейнеу ауданында 303 пәтерден тұратын 17 үй сүріледі. Оның 12-сі - Боранқұл ауылында, біреуі - Төлеп ауылында, екеуі - Есет ауылында, тағы екеуі - Ақжігіт ауылында:

Боранқұл ауылы, 9А үй. Боранқұл ауылы, 9Б үй. Боранқұл ауылы, 10А үй. Боранқұл ауылы, 10Б үй. Боранқұл ауылы, 11А үй. Боранқұл ауылы, 11Б үй. Боранқұл ауылы, 12А үй. Боранқұл ауылы, 12Б үй. Боранқұл ауылы, 13А үй. Боранқұл ауылы, 13Б үй. Боранқұл ауылы, 14А үй. Боранқұл ауылы, 14Б үй. Төлеп ауылы, 6-үй. Ақжігіт ауылы, 1-үй. Ақжігіт ауылы, 2-үй. Есет ауылы, 20-үй. Есет ауылы, 21-үй.

Дегенмен Ақжігіт ауылындағы үйлер 2025 жылы-ақ сүрілген. Тұрғындарға бюджет есебінен тоғыз пәтер сатып алынды.

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған сурет

Маңғыстау ауданындағы 32 пәтерлік үш апатты үй Сайөтес ауылында орналасқан. Олар - ЖД-5, ЛПДС-5 және ЛПДС-6. Тұрғындарға 11 пәтер берілген.

Мұнайлы ауданында 30 пәтерлік бір ғана апатты үй бар. Ол Маңғыстау ауылы, 21-квартал, 40-үй мекенжайында орналасқан.

"2025 жылы бұл үй жеке инвестордың қатысуымен сүрілді. Қазір жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оны 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған", - деп сендірді басқарма өкілдері.

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған сурет

Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында 337 пәтерден тұратын 15 үй апатты деп танылған:

Теміржолшы шағынауданы, 1-үй. Теміржолшы шағынауданы, 2-үй. Теміржолшы шағынауданы, 3-үй. Теміржолшы шағынауданы, 4-үй. Теміржолшы шағынауданы, 5-үй. Теміржолшы шағынауданы, 6-үй. Теміржолшы шағынауданы, 7-үй. Теміржолшы шағынауданы, 8-үй. Теміржолшы шағынауданы, 9-үй. Салтанат шағынауданы, 1-үй. Салтанат шағынауданы, 2-үй. Салтанат шағынауданы, 3-үй. Салтанат шағынауданы, 4-үй. Салтанат шағынауданы, 5-үй. Салтанат шағынауданы, 6-үй.

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған сурет

337 пәтердің тек 219-ында адам тұрады. Әзірге инвестор табылған жоқ. Дегенмен әкімдік апатты үй иелерін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көшіруге үмітті.

Тізімге Бейнеу ауданындағы тағы 73 тозығы жеткен үй енгізілген:

Бейнеу ауылы, Ақшабаев көшесі, 1-5, 53-55 үйлер. Бейнеу ауылы, Хибасов көшесі, 5-15 үйлер. Бейнеу ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 16. Бейнеу ауылы, Қалдығараев көшесі, 17-20, 59-64 үйлер, оның ішінде 62А. Бейнеу ауылы, Бегенов көшесі, 21-28 үйлер. Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, 29-35, 37-41, 48-49 үйлер. Бейнеу ауылы, Төре Мұрат көшесі, 47 және 47А. Бейнеу ауылы, Қашаған көшесі, 56. Боранқұл ауылы, 1-8, 15, 18А, 18Б, 19А, 19Б үйлер. Төлеп ауылы, 1-5 үйлер.

Алайда бұл үйлерді әзірге сүріледі деген шешім қабылданбаған. Алдымен апатты үйлердің тұрғындары көшіріледі. Содан кейін ғана тозығы жеткен үйлердің кезегі қаралады. Оның нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңғыстау облысы тұрғын үй сүру

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью