Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Болгарияда 1 қарашадаі мемлекет басшысын сайлаудың екінші кезеңі өтіп, онда ел президентінің міндетін атқарушы Илияна Йотова жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Болгария ОСК деректеріне сәйкес, бюллетеньдердің 100 пайызы есептелгеннен кейін Йотоваға сайлаушылардың 57,5 пайызы, ал оның басты қарсыласы, бұрынғы уақытша премьер-министр Андрей Гюровқа 39,5 пайызы дауыс берген.
Батысшыл оппозиция қолдаған Гюров жеңілгенін мойындап, Болгарияны "қиын кезең" күтіп тұрғанын мәлімдеді.
Ресми түрде Болгария ОСК сайлау нәтижесін 4 қарашадан кешіктірмей жариялауы тиіс. Егер дауыс беру нәтижесі расталса, Йотова Болгария тарихында президент болып сайланған алғашқы әйел атанады.
62 жастағы Йотованың кандидатурасын сәуірдегі парламенттік сайлауда абсолют көпшілік дауысқа ие болған премьер-министр Румен Радевтің "Прогрессивті Болгария" партиясы қолдады. Сарапшылардың пікірінше, Йотованың жеңісі президенттік лауазымды билік басындағы ресейшіл көпшіліктің қолында сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Йотова да, Радев сияқты, Ресеймен келіссөздер жүргізуді және Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды. Сондай-ақ ол Киевке әскери көмек көрсетуді қолдамайды және Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды жақтайды.
Бұл ретте Йотова Болгарияның ЕО мен НАТО-ға мүшелігін сақтауды қолдайды. Ол елдің еуропашыл бағытын сақтап қалады деп күтіледі.
Болгария 2004 жылы НАТО-ға, ал 2007 жылы Еуропалық одаққа мүше болды. Парламентте елдің батысшыл бағыты бойынша кең консенсус болғанына қарамастан, Ресеймен дәстүрлі тарихи және мәдени байланыстарға негізделген ресейшіл көзқарас, әсіресе Ресей Украинаға толық ауқымды басып кіргеннен бері қоғамды екіге бөлді.
Болгарияда президенттік лауазым негізінен салтанатты сипатқа ие. Мемлекет басшысының атқарушы билігі болмаса да және барлық негізгі саяси шешімді парламент бекітуі тиіс болса да, тікелей сайлау президентке үлкен саяси бедел береді. Президент қарулы күштерге басшылық етеді, заңдарға вето қоя алады, халықаралық шарттарға қол қояды және елшілерді тағайындайды.
Болгарияда президенттер бес жылдық мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады және бұл қызметті екі мерзімнен артық атқара алмайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу