Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін жариялады. Мемлекет басшысы өтінішін 20 қаңтарда ресми түрде тапсыратынын айтты.
Ол азаматтардан кешірім сұрап, өзіне сенім артқан жұртқа алғыс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
«Осы кезеңде президент пен вице-президенттің бір мақсатқа жұмылып, үйлесімді әрекет ете алатынын көрсеттік.
Мен Илияна Йотова Болгарияның лайықты басшысы болатынына сенімдімін», деді Румен Радев.
Ол өз президенттігі тұсында ел екі ірі қоғамдық толқынды – 2020 және 2025 жылдардағы жаппай наразылықтарды бастан өткергенін еске салды.
Осы аралықта уақытша үкімет жеті мәрте құрылған. «Бүгін мен сіздерге Болгария президенті ретінде соңғы рет үн қатып тұрмын.
Осы тоғыз жылда ел еуропалық интеграция үдерісін аяқтады. Біз бүгінде Шенген аймағы мен еуроаймақтың мүшесіміз.
Читать полностью
Читать новость