Болгарияда әйел алғаш рет президент атанды

24.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Болгария елін тұңғыш рет әйел адам басқарады. Конституциялық сот мемлекет басшысы Румен Радевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, вице-президентті Илияна Йотованы бекітті. 

Радев қызметтен кету туралы өтінішті өзі бірген. Енді ол өз партиясын құрып, алдағы күзде кезектен тыс өтетін парламент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр. Конституция бойынша президент партияның мүшесі болып, парламент сайлауына қатыса алмайды. 63 жастағы Йотова мемлекет басшысының міндетін 2027 жылдың қаңтарына дейін атқарады. Ол Еуропарламент депутаты және журналист болып жұмыс істеген. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью