Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанда метеорологиялық болжаудың жаңа кезеңі басталды. «Қазгидромет» еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, кеңістіктік ажыратымдылығы 2 шақырым болатын заманауи сандық модельді іске қосты. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік орталығы базасында жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Университетте Суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарында Weather Research and Forecasting (WRF) сандық ауа райын болжау моделі іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдау көрсетті. Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер пайдалануға берілгеннен кейін министрлік бастамасымен Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен университет арасында тығыз әріптестік орнады.
Күн сайын автоматты режимде жұмыс істейді
Қазір суперкомпьютерде WRF моделі күн сайын автоматты түрде іске қосылады. Соның нәтижесінде ел аумағы бойынша:
Ауа температурасы, Жауын-шашын мөлшері, Желдің бағыты мен жылдамдығы, Метеограммалар бойынша нақты болжамдар қалыптастырылады.Есептеулер толық автоматтандырылған. Сонымен қатар модель нәтижелерінің сапасы мен дәлдігін арттыру үшін қосымша талдау жұмыстары қатар жүргізіледі.
Гидрометеорологиялық қауіпсіздікке серпінАсқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді
Жобаның басты мақсаты – елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін нығайту және қауіпті табиғи құбылыстар туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіру. Бұл бастама ғылым мен өндірістің тиімді ықпалдастығын көрсетеді. Мемлекеттік құрылым мен жетекші жоғары оқу орны арасындағы әріптестік метеорологиялық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашып отыр.
Мамандардың айтуынша, 2 шақырым ажыратымдылықтағы WRF моделін енгізу – Қазақстандағы метеорология саласын жаңғыртудың маңызды қадамы. Енді пайдаланушылар «Ауа райының сандық болжамы» бөлімінде модель есептеулерінің нәтижелері мен еліміздің барлық өңірі бойынша болжам карталарын көре алады.
2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады
Соңғы жаңалықтар
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?
Алматы • Бүгін, 15:25
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
Ата заң • Бүгін, 14:44
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі
Қоғам • Бүгін, 14:10
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Алматыда 620 млн теңгеден астам шығын келтірген заңсыз инвестициялық жоба әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20