Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Канаданың батысындағы орман өрті қарқынды таралып жатыр – 20 мыңнан аса адам үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Сенбі күні Британ Колумбиясы провинциясының билігі төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Британ Колумбиясы провинциясындағы өрт жұма күні басталды. Сенбіге қарай оның аумағы екі есе артып, қазіргі уақытта 100 шаршы шақырымға жуықтады. Ұлттық полиция Саммерленд маңында қаза тапқандар болуы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр, бірақ бұл әзірге ресми расталмаған.
Саммерленд (8 мың тұрғыны бар) және Пичленд (12 мың тұрғыны бар) қалаларының тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.
Баспасөз мәслихатында провинция премьер-министрі Дэвид Эби өрт сөндіру қызметі басшыларының бірі болып жатқан жағдайды "бомба жарылысына" теңегенін мәлімдеді.
Канаданың батысында жылдам таралған орман өрті Британ Колумбиясындағы Оканаган көлінің бойындағы қалаларға қауіп төндіріп, жолындағы үйлерді қиратып жатыр. Соның салдарынан түнде 20 000-нан аса адамға үйлерін тастап шығуға бұйрық берілді.https://t.co/ceRSu04Zba pic.twitter.com/jDBNJo6jRF
— CNN International (@cnni) 8 тамыз, 2026 жыл
Іздестіру-құтқару топтары лаулаған өрттің ортасында қалып қойған тұрғындарды іздеуді жалғастырып жатыр.
"Өрт аумағында оқшауланып қалғандар үшін әуе арқылы эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды", – деді Канаданың Британ Колумбиясы премьер-министрі Дэвид Эби.
Өрттен болған шығын мен құрбандар туралы ресми мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.
Британ Колумбиясының орман өртімен күрес қызметінің мәліметінше, жексенбі күні таңертең провинция аумағында 102 орман өрті тіркелген. Бүкіл елдегі аптап, қатты жел мен ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан олардың көбін ауыздықтау мүмкін болмай отыр.
Канадалық ведомствоаралық орман өрттерімен күрес орталығының деректеріне сәйкес, жыл басынан бері бүкіл ел бойынша 4 миллион гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.
Айта кетейік, Қазақстанда да кейінгі бір аптаның ішінде 47 орман өрті тіркелген.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу