BOOKGUARD әдеби челленджі: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 4 мыңнан астам кітап оқыды

02.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында BOOKGUARD әдеби челленджі жалғасын тапты. Жыл басынан бері жоба қатысушылары 4 мыңнан астам кітап оқыды. Сонымен қатар челленджге келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер де белсенді қатысуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Челлендж қатысушыларының бірі - елордалық 5573 әскери бөлімінің сарбазы Жасұлан Нұржанұлы. Мерзімді қызметке Шымкент қаласынан шақыртылған 19 жастағы ұландықтың кітап оқуға деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Ол жас жауынгерлерге арналған дайындық курсынан өту барысында-ақ екі кітап оқып үлгерген.

Бүгінде сарбаз Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романын оқып жүр. Оның айтуынша, шығармадағы басты кейіпкердің тағдыры әрбір әскери қызметшіге қажетті табандылықтың және жауапкершіліктің маңызын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Жасұлан оқыған кітаптардың ішінде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі ерекше орын алады. Болашақ қолбасшының балалық шағы туралы баяндайтын шығарма Отан қорғаушыға тұлғаның қалыптасуындағы отбасы тәрбиесінің құндылығын ұғынуға мүмкіндік берген.

Жасұлан болашақта жоғары білім алу үшін «Сарбаз 2.0» бағдарламасына қатысуды жоспарлап отыр. Сондықтан ол бос уақытын тиімді пайдаланып, әскери қызметті өзін-өзі дамыту және кітап оқумен ұштастыруға тырысады.
Еске сала кетейік, осы жылдың 6 сәуірінде BOOKGUARD әдеби челленджі Ұлттық ұланның Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде бастау алып, кейіннен еліміздің барлық өңіріндегі құқықтық тәртіп әскерлерінің бөлімдерін қамтыды. Жоба әскери қызметшілер арасында оқу мәдениетін дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью