Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілерге өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген айып тағылып отыр.
"27 тінту іс-шарасы жүргізілді. Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ автокөліктер тәркіленді. Тергеу бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттердің барлық мән-жайы, оған қатысушылардың әрқайсысының рөлі, сондай-ақ ықтимал қосымша эпизодтар анықталып жатыр.