Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желілерде қара кроссовер дүкеннің сауда залына кіріп кетіп, ішін астаң-кестең еткені түсірілген видео тарады. Оқиға Алматы облысының Боралдай кентінде болғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан біреу көлік иесіне дауыс көтеріп сөйлегені естіледі:

- Көлікті қалай-қалай айдайсың? Массың ба өзі?

- Ұстамам ұстады…

- Ұстама дейсің бе? Онда рөлге неге отырдың?!

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматының басты жаңалықтарынан жарияланым (@sergek_almaty_)

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді:

"Жүргізуші жауапқа тартылды. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеру барысында анықталды".

Апаттың себептері, зардап шеккендер және келтірілген шығын көлемі туралы әзірге хабарланған жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью