Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырау облысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Атырауда 22 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болатыны болжанады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодарда 22 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.