Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Құрылтай депутаты Алмас Мұхаметов банк шотына шектеу қойылған кезде борышкерлерге ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз емес соманы қалдыруды ұсынды. Тиісті кепілдіктерді банктер мен микроқаржы ұйымдарының шарттарында бекіту ұсынылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғалған төлем минимумы туралы депутаттық сауал Ұлттық банк төрағасына жолданды.
Алмас Мұхаметов азамат қарызды қайтаруға міндетті екенін, ал банктің өз қаражатын өндіріп алуға құқығы бар екенін атап өтті. Дегенмен, шоттарға қойылған шектеулер адамды күнделікті шығындарды төлеу және жұмысын жалғастыру мүмкіндігінен айыруы мүмкін.
"Егер азаматтың банк шотына шектеу қойылса, цифрлық төлемдер жаппай енгізілген жағдайда ол күнделікті өмірін қалай жалғастырады? Жұмысқа бару үшін жолақысы мен байланыс қызметін қалай төлейді?" - деді депутат.
Оның айтуынша, жұмыс істеп, табыс тауып отырған адамға ақша табу мүмкіндігін сақтап қалу қажет: бұл оған берешегін өтеуге жағдай жасайды.
Нені өзгерту ұсынылып отыр?Мұхаметовтің сөзінше, атқарушылық іс жүргізу туралы заңда борышкер табысының бір бөлігін сақтау кепілдіктері қарастырылған. Депутат тиісті талаптарды банктер мен микроқаржы ұйымдарының шарттарында да бекітуді ұсынды.
Атап айтқанда, банк қарызы шартында: шотқа шектеу қойылған кезде борышкердің иелігінде қалатын табыс заңмен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауы тиіс екені тікелей көрсетілуі керек.
Бұл шарттарды келісімшарт жасасу кезінде қарыз алушыға анық әрі түсінікті етіп түсіндіру ұсынылады.
"Қарыз қайтарылуы тиіс, бірақ ол үшін азаматтың қалыпты тіршілік ету мүмкіндігі толық тоқтап қалмауы керек", - деп атап өтті Мұхаметов.
Ол бұл басаа берешекті өтеуден босатуға емес, қарызды өндіріп алу кезінде ең төменгі қажетті қаражатты қорғауға бағытталғанын түсіндірді.
Шектеулер қанша адамға әсер етті?Депутат келтірген Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, атқарушылық іс жүргізу аясында банк шоттарындағы ақшаны анықтау және оларға тыйым салу туралы қаулы қолданылған жеке тұлғалардың саны 1,5 миллионнан асты.
Сондай-ақ Мұхаметов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сүйенді: төлемі 90 күннен аса кешіктірілген проблемалық кредиттердің көлемі 1,8 триллион теңгені немесе халыққа берілген несиелердің 4,1 пайызын құрайды.
Бұған дейін біз қарызды өндіріп алу кезінде шоттармен не болатынын зерттедік Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізу комитетінің мәліметінше, 2025 жылы сот орындаушыларында 6,1 миллион борышкерге қатысты 9,6 миллион атқарушылық іс жүргізу болған. Ақша мен мүлікке тыйым салу атқарушылық құжатта көрсетілген сома шегінде қойылады.
2026 жылдың сәуір айында Әділет министрлігі растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жалақы және зейнетақы шоттарына салынған тыйымның алынатынын да хабарлады. Сонымен қатар, ведомство тыйымның алынуы жеке тұлғаны қарызды өтеу міндетінен босатпайтынын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу